AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лиценз...

Цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лицензияланатын қызметке ауысады

Экономика 15.09.2026, 12:35 222
Цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лицензияланатын қызметке ауысады
ҚР Үкіметі

Цифрлық активтерді сақтау үшін инфрақұрылым қалыптасуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лицензияланатын қызметке ауысатынын хабарлады. KASE цифрлық қаржы активтері платформасының және цифрлық активтер сауда платформасының операторы мәртебесін алды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында KASE (қор биржасы) цифрлық платформасында биткоин фьючерсіне арналған ETF бойынша 20,5 млрд теңгеге 34 мың мәміле, ал үш криптоактивке арналған жаңа ETF бойынша 1 млрд теңгеге 650 мәміле жасалды.

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастайтын үш лицензияланған оператор жұмыс істейді. Алғашқы екі айда олардың айналымы шамамен 2 млрд теңгені құрады. Тағы бес компания лицензиялау рәсімінен өтуде. Цифрлық активтерді сақтау үшін инфрақұрылым қалыптасуда, сондай-ақ оларды есептеулерде пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуде.

«Криптофиаттық сервистер кеңеюде. Операцияларға қызмет көрсетуге банктік емес төлем провайдерлері қосылуда. Криптокарталар, крипто-QR және криптоэквайринг қолжетімді. Осылайша, қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарылып, нарықтың толыққанды инфрақұрылымы қалыптастырылды. Мұндағы негізгі элементтер бүгінде жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);