ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тренниг емес, диструктив секта: депутат азаматтард...

Тренниг емес, диструктив секта: депутат азаматтарды қорлайтын курстарды тоқтатуды талап етті

Мұны білген жөн 28.01.2026, 15:47 192
Тренниг емес, диструктив секта: депутат азаматтарды қорлайтын курстарды тоқтатуды талап етті
parlam.kz
Депутат Жарқынбек Амантайұлы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға және бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, ел ішінде кеңінен...

Депутат Жарқынбек Амантайұлы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға және бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, ел ішінде кеңінен жарнамаланатын кейбір тренингтік курстар азаматтарға рухани, психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Депутат мұндай бағдарламалардың әдістемесін ресми тексеріп, құқықтық баға беруді және лицензиялау/сертификаттау арқылы мемлекеттік реттеу тетігін енгізуді ұсынды.

Депутат Жарқынбек Амантайұлы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы "қоғам санасын улайтын жат құндылыққа" қарсы бағдарламалар әзірлеуді тапсырғанын еске сала отырып, осы бағыттағы қауіптің бір көрінісі ретінде түрлі "тренингтік курстарды" атады.

"Бүгінде жарнамасы жаңғырып тұрған тренингтер азаматтарымызға пайда емес, керісінше рухани, психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отыр. Мысал келтірейін. vybor.kz интернет платформасы арқылы өз қызметін белсенді түрде насихаттайтын MINDFULNESS оқу орталығы үш сатылы тренинг ұсынады. Бірінші жалпы курс - 50 000 мың теңге. Екінші трансформациялық курс - 95 000 мың теңге. Үшінші көшбасшылықты дамыту курсы - 150 000 мың теңге. Онлайн форматтағы "эмоционалдық еркіндік" курсының құны 200 000 мың теңгеге жетеді. Осындай "креативті ойлауды", "тиімді коммуникацияны", "шешен сөйлеуді" тегін үйретеміз деп уәде беретін орталықтар да аз емес. Олардың қатарында шетелдік "Вектор", "Лидер-мотиватор" секілді атаумен жұмыс істейтін орталықтар бар", - деді ол.

Амантайұлы кейбір курстарда қатысушылардың телефондарын жинап алып, моральдық қысым арқылы жеке проблемасын көпшілік алдында айтуға мәжбүрлейтін тәжірибелер барын, тіпті қорлау сипатындағы тапсырмалар кездесуі мүмкін екенін келтіреді. Ол мұның соңы адамның санасын "тәжірибе алаңына" айналдыруға ұласып, курс аяқталғаннан кейін қатысушыдан міндетті түрде басқа адамдарды тартуды талап ету, қорқыту, манипуляция сияқты әрекеттерге жалғасуы ықтимал екенін айтады.

Осыған байланысты депутат уәкілетті органдардан:

  1. бұл курстардың бағдарламалық мазмұны мен әдістемесін, заңнамаға сәйкестігін ресми тексеруді;
  2. азаматтарды қорлау, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және манипуляция белгілері бар әрекеттерге құқықтық баға беруді;
  3. мұндай тренингтерге лицензиялау, сертификаттау және мемлекеттік реттеу тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.