AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабы...

Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

Билік 09.02.2026, 16:36 336 Сұлу
Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай Халық Республикасымен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді түрде дамытуға айрықша маңыз артатынын атап өтті. Осы орайда Президент 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Астанада ұсынған "Бір белдеу, бір жол" бастамасы табысты іске асырылып жатқанына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты. Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытай тарапымен аталған салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Ол Қазақстанның ең алдымен, қаржы секторындағы инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр.

Кездесу барысында қаржы, энергетика, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #Тоқаев #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);