конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев пен Ердоған Транскаспий дәлізін дамыту мәсе...

Тоқаев пен Ердоған Транскаспий дәлізін дамыту мәселесін талқылады

Саясат 12.10.2022, 13:22 1,359
Тоқаев пен Ердоған Транскаспий дәлізін дамыту мәселесін талқылады
Сурет: Ақорда

Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 млрд доллар инвестиция құйды


Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу керек. Бұл туралы Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгін шағын құрамда болған келіссөзіміз бауырластық рухында өтті. Сізбен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді талқыладық. Ықпалдастықтың басым бағыттарына тың серпін беруге келістік. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын атап өттік. Енді алдымызда тұрған мақсат - сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарата.



Мемлекет басшысының дерегінше, Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 млрд доллар инвестиция құйды.


Ал Қазақстан Түркияға 1,13 млрд доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр.



«Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бұл мәселе бойынша біз бүгін пікір алмастық. Көзқарасымыз бірдей», - деді ҚР Президенті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ердоған #Тоқаев #келіссөз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);