AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады

Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады

Саясат 07.03.2023, 09:23 1,626
Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министрліктің мәдениет, спорт және туризм индустриясын дамытуға бағытталған бастамалары таныстырылды.


Мемлекет басшысына Алматы облысында спортшыларды олимпиадаға даярлайтын республикалық базаның құрылысы туралы баяндалды. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін жалпы 113 спорт нысаны салынады. Сонымен қатар министр Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы айтты.



Бұдан бөлек, Президентке қазақстандық спортшылардың алдағы жазда өтетін Азия, Олимпиада ойындарына дайындығы және 2024 жылы елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндалды.



Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін мәдениет және мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өседі.


Министрлік отандық авторлардың театрдағы қойылымдарының санын арттыруды және қазақстандық фильмдер түсіруді жоспарлап отыр. Биыл алғаш рет жас жазушылар мен ақындарға арналған әдеби сыйлық табысталады. Жеті республикалық мәдениет ұйымына «ұлттық» мәртебе беру мәселесі пысықталып жатыр.



Асхат Ораловтың айтуынша, туризм саласын дамыту мақсатында Kids Go Free бағдарламасына қатысу үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілген. Сондай-ақ қазақстандықтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр.



Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы туризмді одан әрі ынталандыру, инвестиция тарту шараларын қабылдауды тапсырды. Президент бұқаралық спортқа қолдау көрсету және спорт инфрақұрылымын қолжетімді ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мәдениетті дамыту үшін жағдай жасаудың және еліміздегі креативті индустриялар базасын қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #министр #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);