AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

Билік 24.12.2025, 16:15 582 Сұлу
Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Ақорда

Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту перспективасын талқылады.

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиевтің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #Тоқаев #Әзербайжан #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);