AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Бектеновке тапсырманы орындауға 10 күн берд...

Тоқаев Бектеновке тапсырманы орындауға 10 күн берді

Билік 08.09.2025, 11:36 846
Тоқаев Бектеновке тапсырманы орындауға 10 күн берді
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инвестицияларға қатысты тапсырманы орындау үшін премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн берді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанға инвестициялық қаражаттың қайда, не үшін және қандай көлемде қажет екенін нақты айқындау қажеттігін айтты.

Тоқаев инвестицияларға сұраныс өндірістік сектордың қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасуы тиіс екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елде инвесторлармен өзара іс-қимылдың көлемді әрі бытыраңқы жүйесі қалыптасқан.

"Бұл сөзсіз бюрократияға, функциялардың қайталануына алып келеді. Соның салдарынан жұмыс қанағаттанарлық деңгейде атқарылмай отыр. Қазіргі күрделі жағдайда инвестиция тарту – бізден жаңа тәсілдерді талап ететін бірінші кезектегі міндет. Әрбір жағдайда инвестиция тартуға қатысты барлық ұйымдастыру жұмысы Премьер-министрге толық жүктелетінін ерекше атап өткім келеді. Жаңа министрлік құрудың қажеттілігі жоқ, алайда мемлекеттік органдардың атауында “инвестиция” сөзі жоқ екені көзге ұрады.

Бұл мәселе 3-4 мекеменің құзыретінде болып, шешімін таппай отыр. Сондықтан Премьер-министрге нақты ұсыныстар әзірлеу үшін 10 күн беремін. Сонымен қатар Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғырту жөніндегі іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде дайындауды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Президент халыққа Жолдау жасап, алдағы жылға арналған «елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының маңызды мақсаттары мен міндеттерін» айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Бектенов #Жолдау 2025 #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);