AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тоқаев алматылық мұғалім Татьяна Белоусованы құтты...

Тоқаев алматылық мұғалім Татьяна Белоусованы құттықтады

Барлығы 28.01.2026, 10:18 489 Сұлу
Тоқаев алматылық мұғалім Татьяна Белоусованы құттықтады
Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

"Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Татьяна Белоусова туралы не белгілі?

Алматыдағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік 50 педагогінің қатарына енді.

Татьяна Белоусова - педагог-шебер, "Қазақстанның үздік ұстазы – 2024" құрметті атағының иегері. Оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.

Әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің ресми тізімі 2025 жылы 15 желтоқсанда Global Teacher Prize ресми сайтында жарияланды. Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылы 1-5 ақпан аралығында Дубайда халықаралық білім беру форумы аясында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Global Teacher Prize байқауына бесінші рет қатысып отыр. Осы уақытқа дейін ел өкілдері, биылғы іріктеуді қосқанда, үш мәрте әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #мұғалім #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);