Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды

«Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды

Әлеумет 10.07.2023, 08:49 1,028
«Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды
Сурет: ашық дереккөз


Өтінімдерді қабылдау 15 шілде күнгі Астана уақытымен 18:30-ға дейін жалғасады




ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова әйелдер көшбасшылығы жайында ойымен бөлісіп, елімізге көшбасшы әйелдер неге керек екенін, сондай-ақ «Tomiris» жобасы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» жобасының бірегейлігі - оның заманауи қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, әйелдердің қоғамның кез келген саласына белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталуында, -деп жазды Azattyq Ruhy.


«Tomiris» оқу бағдарламасы қатысушыларға әйелдің қоғамдағы және саясаттағы мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.



Мен саясаттағы осы әйелдер қоғамдастығының өкілі ретінде бүгінгі таңда қоғамда жалпы үш бағыттағы сұраныстың орны ерекше екенін атап өткім келеді. Бірінші – қауіпсіз қоғам. Яғни қоғамда балаға да, үлкенге де, әйелге немесе ер азаматқа да қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін қоғам қажет. Екінші – әлеуметтік экономикалық жауапкершіліктер жүзеге асырылатын қоғам. Үшінші – мәдени, рухани, тәрбие құндылықтары жүзеге асырылатын қоғам. Осы үш бағытта да біз қазақ әйелдерінің орны ерекше екенін атап өткім келеді.




Жалпы сайланбалы қызметтерде, саясатта әйелдердің үлес санының көп болуы – сол қоғамдағы гуманизмнің, сол қоғамдағы саяси толеранттылық пен саяси мәдениеттің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан осы орайда біз елімізді дамыту үшін, еліміздің саяси қоғамдық дамуын күшейту үшін сіздерді де осы бағдарламаға шақырамын», - деді Жұлдыз Сүлейменова.



Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды және ол 15 шілде күнгі Астана уақытымен 18:30-ға дейін жалғасады.


Өтінім формасы мен бағдарлама туралы толық ақпарат https://taplink.cc/apm.amanat.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көшбасшы #әйелдер #"Томирис"
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.