Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Токиода ұшатын таксилер пайда болды

Токиода ұшатын таксилер пайда болды

Әлем Бүгін 10:56 27
Токиода ұшатын таксилер пайда болды
depositphotos.com

Жапония астанасы Токио қаласында SkyDrive стартапы әзірлеген ұшып-қонатын әуе көліктерін сынақтан өткізудің демонстрациялық кезеңі басталды. Жоба Suzuki компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Азертадж агенттігіне сілтеме жасап. 

Nikkei Asian Review мәліметінше, бес күнге жоспарланған таныстырылым аптаның соңына қарай мәресіне жетеді. Оның аясында компания SD-05 әуе таксиінің негізгі мүмкіндіктерін көрсетіп жатыр. Сынақ жұмыстары Mitsubishi Estate девелоперлік компаниясы мен Kanematsu сауда үйінің қолдауымен ұйымдастырылған. Ал Токио әкімдігі бұл көлік түрін мегаполистегі көлік кептелісін азайтудың балама жолы ретінде бағалап отыр.

SD-05 аппараты 12 электр қозғалтқышымен жабдықталған. Соның арқасында ол әуеде шапшаң маневр жасап, бағытты тез өзгерте алады. Техникалық сипаттамасына сай, көлік бір пилот пен екі жолаушыға есептелген. Алайда сынақ ұшулары әзірге жолаушыларсыз және қашықтан басқару арқылы өткізілген. Болашақта жолаушылар қатысатын рейстерді іске қосу, кейін толықтай пилотсыз режимге көшу көзделіп отыр.

Компания жоспарына сәйкес, 2027 жылы тағы бір сынақ кезеңі ұйымдастырылады. Ал 2028 жылдан бастап жолаушылар тасымалын бастау межеленген.

SkyDrive дерегінше, 2030 жылдан кейін әуе таксиінің бағасы кәдімгі таксиден бірнеше есе ғана қымбат болуы ықтимал. Ал алғашқы кезеңде оның құны пилоты бар тікұшақты жалға алу бағасына жуық болады. Мамандардың айтуынша, мұндай әуе көлігі жолға кететін уақытты 4–5 есеге дейін қысқартуы мүмкін.

Жапония қалаларында eVTOL аппараттарына арналған арнайы қону алаңдарын салу, сондай-ақ жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру жүйелерін енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда SkyDrive өз әуе таксилерін жеткізу бойынша сегіз елден 415 алдын ала тапсырыс алған. Бұл тізімге Индонезия, Вьетнам және Үндістан да енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #Такси #Токио
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті

Бүгін 12:28

Рамазан–2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма?

Бүгін 12:15

Қыста ең пайдалы жемістер аталды

Бүгін 12:03

Канададан жеңіспен оралды: Алматы Astana Team жас чемпиондарын қарсы алды

Бүгін 11:49

Алматыдағы кәсіподақ көшбасшылары жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі