конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

Спорт 01.03.2025, 12:49 947
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

        Алматылық оқушылар тоғызқұмалақтан өткен жарысқа қатысып, Бостандық ауданы әкімінің кубогын сарапқа салды.

Ұлттық құндылығымыздың біріне айналған ойын түрі бүгінде Қазақстан Республикасында ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан төл мұраларының бірі – «Тоғызқұмалақ» әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнеріне айналып отыр. Сәтін салса, осы жылдың қыркүйек айында Алматыда оқушылар арасында ІІ дүниежүзілік тоғызқұмалақ ойыны өтеді.

    Кубогтық додаға Алматы қаласының 8 ауданы мектептерінің оқушылары қатысты. «Оқушылардың ойынға деген қызығушылығы да  ерекше. Бұл жәй ғана ойын емес, оқушылардың бойында ойлау қабілетін арттырады, біліктілік дағдыларын дамытады, төзімділігін қалыптастырады», – дейді Алматы қалалық  Тоғызқұмалақ федерациясының директоры Азамат Көпшекбайұлы.

   Командалық есеп бойынша І орынды – Жетісу ауданы, ІІ орынды – Наурызбай ауданы, ІІІ орынды – Бостандық ауданы командалары иеленді.

 Тақырыпқа  орай

 Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті, қалалық Мәслихат депутаты Әкім ТҰРСЫН:

 –  Мемлекет басшысы шығынды аз қажет ететін бұқаралық ойын түрлерін дамытуды тапсырған еді. Бұл қатарда тоғызқұмалақ ойыны да бар. Осы іс-шараның өтуіне Алматы қалалық тоғызқұмалақшылар кеңесінің мүшесі Болат Оспанов ұйытқы болды. Былтыр V дүниежүзілік көшпенділер ойынында тоғызқұмалақшылар үлкен нәтиже көрсетті. Бұл ойын түріне қатысу үшін 41 елдің тоғызқұмалақшылары келді.

     Жалпы, Алматы қаласы 2023 жылы дүниежүзілік тоғызқұмалақтың астанасы болып жарияланғалы ерекше қарқын алып келеді. Министр Ербосынов та «қазақ күресі мен тоғызқұмалақты брендке айналдыруымыз керек» деп үлкен мақсат қойып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #тоғызқұмалақ #Көшпенділер ойыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);