Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ТМД-ға мүше елдердің ұстаздары Астанада ынтымақтас...

ТМД-ға мүше елдердің ұстаздары Астанада ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Әлеумет 05.10.2022, 09:19 1,591
ТМД-ға мүше елдердің ұстаздары Астанада ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: Azzurro.it

Қазанның алтысы күні педагогтардың құрылтайы өтеді.


Білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін ТМД-ға мүше елдер өкілдері талқылады. ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Білім беру саласындағы кеңес отырысы өтті. Оған Беларусь, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения елдерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Күн тәртібінде отырысқа қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің базалық ұйымдары қызметін дамыту, білім сапасын қамтамасыз ету, білікті мамандарды даярлау, ұлттық аттестация жүйелерін дамыту мәселелерін қарады. Сондай-ақ Кеңес мүшелері білім саласы қызметкерлерін «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттау туралы шешім қабылдады.



«Ертең ТМД-ға мүше мемлекеттер мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі өтеді. ТМД елдерінің үздік педагогтерінің шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылады. Съезде ТМД елдеріндегі білім саласының даму болашағын, қандай өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп жатқанын талқылап, қарар қабылдаймыз. Съезді тәжірибе алмасу алаңы ретінде қарастыру керек. Әріптестерімізбен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі қалай дамытатынымызды талқылаймыз», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.



Педагогтер съезі ТМД елдері білім министрлері конференциясының шешімімен екі жылда бір рет өткізіледі. Съезд аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп, байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері елімізге келеді. Олар сайыс сабақтарын көрсетеді. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өтеді: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.



«ҚР Оқу-ағарту министрлігі фестивальді осымен екінші рет қатарынан ұйымдастырып отыр. Сырттай өткен кезеңнің қорытындысы ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының бірлескен отырысында белгілі болды. Фестивальдің дәстүрлі форматтағы кезеңі ертең басталады. 50 үміткердің арасынан іріктеліп алынған үздік 35 мұғалімнің шеберлік сабақтары ертең өтеді. ТМД-ға мүше елдердің білім және ғылым министрліктерінің ұсыныстары негізінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын әзірлеу, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын аттестаттаудың ұлттық жүйелерін дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ ТМД-ға мүше елдердің ғылыми дәрежелері туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім жасалды», - деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева.



 Съезде мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. Қазақстандық кәсіпкерлер, стартаптар оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған IT-жобаларын таныстырады.


Съезд Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдауымен өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #Қазақстан #ТМД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.