Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін жақсарту ү...

ТЖМ еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін жақсарту үшін заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Әлеумет 04.12.2024, 15:06 1,253
ТЖМ еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін жақсарту үшін заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
Сурет: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Отырыс бейнеселекторлық режимде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар, Алматы және Шымкент қалалары әкімдері орынбасарларының, сейсмикалық қауіпті өңірлердегі ТЖД бастықтарының қатысуымен өтті. Қатысушылардың баяндамаларында сейсмикалық қауіпсіздік және сейсмологиялық бақылау желісін жаңғырту мәселелері бойынша жұмыстар қозғалды.

Төтенше жағдайлар, цифрлық даму, ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және сейсмологиялық зерттеулер инфрақұрылымын дамыту шараларын ұсынды.

  ТЖМ ТЖ алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Айбол Ақпаров атап өткендей: «Еліміздің республикалық маңызы бар 2 қаласы мен 13 өңірі сейсмикалық қауіпті. Сейсмикалық қауіпсіздік проблемаларын кешенді шешу үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Осы жоспар аясында сейсмикалық тәуекелін бағалау және жер сілкіністерінен болатын залалды болжау, мониторинг желісін кеңейту көзделген».

Сонымен қатар ТЖМ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу шеңберінде мемлекеттің, кәсіпкерлердің және халықтың осы саладағы өзара қарым - қатынасын реттейтін жеке тарау енгізуді ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр Батырбек Әбдішев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жетекшілік ететін бағыттар бойынша адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді, сейсмикалық құбылыстардың алдын алу және әсерін азайту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Отырыс соңында хаттамалық шешім қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #сейсмикалық қауіпсіздік #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.