ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / TikTok жыл сайынғы педагогтер байқауын жариялайды

TikTok жыл сайынғы педагогтер байқауын жариялайды

Білім және ғылым 06.11.2024, 09:34 715
TikTok жыл сайынғы педагогтер байқауын жариялайды
Сурет: Gov.kz
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен TikTok қысқа бейнероликтерді әзірлеуге арналған жетекші платформа #Қазақстанмұғалімдері немесе #УчителяКазахстана хәштегімен байқау жариялайды.
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен TikTok қысқа бейнероликтерді әзірлеуге арналған жетекші платформа #Қазақстанмұғалімдері немесе #УчителяКазахстана хэштегімен байқау жариялайды.
 
Байқау үшінші жыл қатарынан өтуде, оған мектеп мұғалімдері де, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары да қатыса алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 
 
Аталған бастама еліміздің педагогтерін платформа аудиториясымен өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары Ботагөз Омарова, Игорь Гноева, Хайдар Мырзахметов өз бейнероликтері арқылы миллиондаған лайк жинап, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді.
 
 «Байқау арқылы мен білім беру мазмұнын құрудың жаңа тәсілдерін табуға және өз білімімді бөлісуге үйрендім. Бұл маған дәстүрлі оқыту шеңберінен шығып, оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінікті және қызықты жеткізудің жолын табуға мүмкіндік берді. Оқушыларымның физиканы талқылап, өз ойларымен бөлісіп, тіпті эксперимент үшін жаңа идеялар ойлап тауып жатқанын көру мен үшін ерекше қуаныш болды», — дейді 2023 жылғы байқаудың жеңімпазы, физика пәнінің мұғалімі Хайдар Мырзахметов.
 
Байқауға TikTok-та танымдық контент жасайтын немесе оны бастағысы келетін мектеп мұғалімдері мен колледждер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады Қатысушылар 4 қараша - 3 желтоқсан аралығында платформада өз пәні бойынша қысқа танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің ұзақтығы кемінде 30 секунд және #Қазақстанмұғалімдері хэштегінің көрсетілуі маңызды.
 
Биылғы жылы ұлттық байқаудың үш жеңімпазы болады. Олар критерийлер жиынтығы негізінде, соның ішінде лайк, қаралым саны, бейнеролик сапасы және оқытылатын пәнге сәйкестігі негізінде бағаланады.
 
Байқау жеңімпаздары iPhone 16 Pro смартфондарына ие болады, бұл оларға одан да жақсы бейнеконтент жасауға көмектеседі.
 
Толық ережелер TikTok қосымшасында https://activity.tiktok.com қолжетімді.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.