AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ә...

Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

Спорт 03.02.2026, 17:14 317 dulatbekova
Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде ITF Juniors әлемдік рейтингіндегі орнын жақсартты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

17 жастағы спортшы жасөспірімдер арасында Аустралияның ашық біріншілігінің жекелей сынында жартылай финалына дейін жеткен Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды. Осы жетістігінің арқасында жаңартылған рейтингте ол 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Өткен жылдың күзінде қазақстандық теннисші US Open Juniors турнирінің де жартылай финалына дейін жеткен болатын. Бұған дейін еліміздің бірде-бір ойыншысы жасөспірімдер арасында «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирлерде екі мәрте жартылай финалға шықпаған.

Айта кетейік, қазіргі таңда WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінің алғашқы ондығында бір мезгілде Қазақстанның үш өкілі бар. Australian Open жеңімпазы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орында тұрса, Александр Бублик ATP рейтингінде оныншы сатыда орналасқан. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде тоғызыншы орынды иеленіп отыр. Сондай-ақ Australian Open-2026 турнирінің жұптық сындағы финалисі Анна Данилина әлемдік рейтингтің 11-орнында тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #жасөспірімдер #үздік ондық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Кеше 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Кеше 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Кеше 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);