AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде констит...

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Ресми бөлім 01.07.2026, 15:17 377
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Pixabay.com

Қазақстанда бүгіннен бастап республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа Ата заңда теңгенің Қазақстан Республикасының  дербес  ұлттық валютасы екені және оны айналымға шығару құқығы тек Қазақстан Республикасына тиесілі екені ресми түрде бекітілді.

Теңгенің ұлттық валюта, төлем және жинақтау құралы ретіндегі құқықтық мәртебесі Қазақстанның валюта саласындағы дербестігін айқындайды. Бұл ұлттық валютаны эмиссиялау құқығының тек мемлекетке тиесілі екеніне кепілдік беріп, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі теңгенің айрықша рөлін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл шешімнің стратегиялық әрі институционалдық маңызы зор екенін атап өтеді.

Ұлттық валютаның конституциялық мәртебе алуы ұзақмерзімді ақша-кредит саясатын жүргізудің құқықтық негізін күшейтеді. Мемлекеттің ұлттық валютаны шығару құқығын Конституцияда бекіту қаржылық тұрақтылыққа оң ықпал етіп, азаматтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ұлттық ақша жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Бұл құқықтық өзгерістер елдің орнықты экономикалық дамуы мен макроэкономикалық тұрақтылығына берік негіз қалайды.

Жаңа конституциялық нормаларды басшылыққа ала отырып, Ұлттық Банк инфляцияны тежеуге, баға тұрақтылығын қаматмасыз етуге және Қазақстанның қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыруға бағытталған жүйелі саясатын жалғастыра береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);