AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Теміртауда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының фили...

Теміртауда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының филиалы ашылды

Білім және ғылым 12.04.2025, 16:36 816 Bakyt
Теміртауда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының филиалы ашылды
gov.kz

Қарағанды индустриялық университетінің базасында «Инженерлік еңбектің беделін арттырудағы ғылымның рөлі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының қолдауымен ұйымдастырылған бұл іс-шара инженер мамандықтарының мәртебесін арттырудағы ғылымның маңыздылығына, ғылым, бизнес және білім беру арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ жастардың инженерлік мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға арналды.

Қарағанды индустриялық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бахыт Жәутіков:

«Біздің университетіміз білім берумен қатар ғылыми қызметпен де белсенді айналысып, ғылымды насихаттауға зор үлес қосып келеді. Қазақстанда 35 жылдан бері Ұлттық инженерлік академия табысты жұмыс жасап келеді. Оның президенті – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бақытжан Жұмағұлов бүгін бізге құрметті қонақ ретінде келіп отыр. Сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен делегация мүшелері келді. Олардың қатарында жас ғалымдар, өндіріс орындарының өкілдері бар. Әрине, бұл жерде бізге жақын Qarmet, QazTehna, Іңкәр-1 және басқа да кәсіпорындардың өкілдері де бар», – деді.

Конференция аясында қатысушылар Qarmet зауытына экскурсия жасап, шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығару процесіне дейінгі технологиялық үдерістермен тереңірек танысты. Зауытқа сапар барысында конференция қатысушылары металлургия саласының даму перспективаларын, сондай-ақ ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылын талқылады. Университетте сондай-ақ ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар инженерияның түрлі аспектілеріне арналған ғылыми баяндамалар мен зерттеулерін ұсынды. Олар ғылым мен технологияның қазіргі жетістіктері мен даму келешегін талқылады.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті Бақытжан Жұмағұлов секциялардың жұмысына жоғары баға берді. Оның айтуынша, секция отырыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар ол көрмені аралап көріп, ғылыми жетістіктермен танысты.

«Ғылым Теміртауға келді. Бұл – тек символдық қадам емес, нақты істердің бастамасы. Біз осы әзірлемелердің практикада қолданылуына бар күшімізді саламыз», – деді Бақытжан Тұрсынұлы.

Бұл күні Қарағанды индустриялық университетінде ҚР Ұлттық инженерлік академиясының филиалының ашылуы маңызды оқиға болды. Бұл – Қазақстанда ғылыми-инженерлік қызметті үйлестіріп, дамытып отырған беделді әрі ірі бірлестік. ҚарИУ-дегі Академия филиалы университеттің ғылым нәтижелерін тәжірибеге енгізу, өндіріс және бизнеспен тиімді интеграция, нарықтың келешектегі технологиялық талаптарын қанағаттандыру бағытында мүлде жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді.

Пленарлық отырыс соңында ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері үшін ҚарИУ ғалымдары, оқытушылары мен қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміртау #Ғылым #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);