ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Темекі тартпайтын ел

Темекі тартпайтын ел

Керек кеңес 03.02.2023, 05:30 1,664
Темекі тартпайтын ел
www.costacruises.com
Қазіргі уақытта Алматы көшелерінде келе жатып, әр жерде шашылып жатқан темекі тұқылдары мен қоқыр-соқырды көргенде, есіме Сингапур түседі. Иә, Азия жолбарысы атанған Сингапур. Өз егемендігін 1965...

Өзгелердің өнегесі




Қазіргі уақытта Алматы көшелерінде келе жатып, әр жерде шашылып жатқан темекі тұқылдары мен қоқыр-соқырды көргенде, есіме Сингапур түседі.


Иә, Азия жолбарысы атанған Сингапур. Өз егемендігін 1965 жылдың 9 тамызында ғана алып, аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі ең бай елдің біріне айналған мемлекет-қала. Жер көлемі 728,6 квадрат шақырымды ғана құрайды. Табиғи қазба байлық жоқтың қасы. Халқының саны болса, 2021 жылғы санақ бойынша, алты миллионға жақындаған.


2011 жылы талай жыл армандаған Сингапурға жолым түскен еді. Сол әсерден әлі күнге дейін арыла алмай жүрген жайым бар. Сонда мені ерекше таңқалдырған жағдай – елдегі тәртіп пен заң механизмінің мықтылығы.


Соның бірі – Сингапурды үш күн армансыз аралаған кезде алты миллионға жуық халықтың ішінен бірде-бір темекі тартқан, сағыз шайнаған және көшеге қоқыс тастаған адамды кездестірген емеспін. Және де сондай кезде өзімнің темекі тартпағаныма қуандым. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы.


Қоғамдық орында темекі тартқан адамға салынатын айыппұлдың мөлшері 500 доллардан асады. Сондықтан да заң алдында бәрі бірдей. Және де экономикалық реформалардың мықты жүргізілгені сонша,  елдегі әр жүз адамның үшеуі - миллионер.


Ал бізде ше? 20 миллионға да жетпейтін халқымыз бар. Соның қанша пайызы темекі тартады екен? Темекі тартқанымен қоймай, оның тұқылын қоқыс жәшігіне тастауға да ерінеміз. Кез келген жерге лақтыра салу әдетке айналған. Әлеуметтік-экономикалық даму жағына келсек, Қазақстанда қарапайым халықтың  табысы да мәз емес.


Ал енді Сингапурда жалпы ішкі өнім халықтың жан басына шаққанда 103 мың доллардан асады. Осылайша, Сингапур ғажайыптарына  қарап отырып, «дамыған елу елдің қатарына ендік» деген сөздің құр далбаса екеніне налисың. Жуырда бәріміздің де өтірікпен өмір сүруге болмайтынына көзіміз жетті. Оған кешегі қайғылы қаңтар оқиғасы куә.


Сондықтан да тәртіп бар жерде тәлім бар екенін есте сақтап жүрсек, адаспаспыз. Тәртіпті болуды бірінші өзімізден бастайық. Сонда ғана Қазақстанның болашағы жарқын болады..




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.