ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тек вакцинация адамдарды қорғауға мүмкіндік береді

Тек вакцинация адамдарды қорғауға мүмкіндік береді

Әлеумет 30.11.2023, 11:42 1,082
Тек вакцинация адамдарды қорғауға мүмкіндік береді
almaty-akshamy.kz
Сарапшы қызылша эпидемиологиялық жағдайы туралы  айтып берді

 Сарапшы қызылша эпидемиологиялық жағдайы туралы  айтып берді


Алматы қаласының ӨКҚ алаңында дәрігерлер мен эпидемиологтардың қатысуымен қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті. Сарапшылар бірауыздан қызылша инфекциясының алдын алатын жалғыз тиімді құрал вакцинация екенін айтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қызылша - бұл ауа-тамшылары арқылы таралатын инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болады.


Балалар инфекционисті, профессор және медицина ғылымдарының докторы Раушан Ыдырысованың айтуынша, қызылшаның барлық басқа инфекциялардан басты айырмашылығы -оның таралу жылдамдығының жоғары болуында.



«Бірнеше жыл бұрын болған қызылша дертінің асқынуы мен қазіргі жағдайдағы таралуының айырмашылығы неде? Егер алдыңғы аурушаңдық 15 жастан асқандар мен 25 жасқа дейінгі адамдар арасында қатты таралса, қазір жасы кіші балалар ауырып жатыр, сол себепті де вакцинация алты айға жылжыды. Сондықтан барлық жас топтарында сырқаттанушылық тіркелуде», - деді Р.Ыдырысова.



Инфекционисттің айтуынша, бұл ауру адамның иммунитетін күрт түсіреді. Оның екінші жағымсыз қасиеті - асқынулар. Қызылша ең алдымен өкпе мен тыныс алу жолдарына кері әсер етеді. Ас қорыту жүйесінің зақымдануы да байқалуы мүмкін.



«Біз дұрыс тәсілдер мен емдеуді дұрыс ұйымдастыру арқылы өлім-жітім жағдайларының алдын алып отырмыз. Бірақ жиі кездесетін бір асқыну бар - бұл жедел склерозды паненцефалит. Өте кішкентай балалар үшін ең қауіпті асқыну. Егер олар бір жасына  дейін ауырған болсы, оларда бұл асқыну болуы мүмкін, тіпті бірнеше жылдан кейін де, өйткені вирус ми тінінде сақталады. Субакуталық склерозды паненцефалит тек бір жасқа дейінгі балаларда ғана емес, сонымен қатар егде жастағы топтарда да кездеседі», - деп түсіндірді жұқпалы аурулар дәрігері.



Сарапшы қызылша инфекциясы мен аурудың асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал вакцинация екенін айтады.



«Вирустың жұқпалы қасиеттерінің күшеюіне байланысты науқастардың саны да көп. Бұл ғылыми түрде вируленттілік деп аталады, ал вируленттілік күшейген сайын, бұл асқынулардың саны көбірек болады дегенді білдіреді. Қазір барлық жас топтарында кездесетін қызылша мәселесі өте маңызды. Бұған дейін барлық сарапшылар айтқандай, вакцинация маңызды рөл атқарады. Тек ол ауамен таралатын осындай инфекциямен адамдарды, оның ішінде жас балаларды қорғауға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Р.Ыдырысова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.