конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері...

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Не? Қайда? Қашан? 04.04.2026, 18:49 460
«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы ауқымды сенбілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында әскери бөлім аумағы мен оған іргелес жатқан аймақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Таңертеңнен бастап әскери қызметшілер аумақты қоқыстан тазалап, талдардың түбін әктеп, гүлзарларды ретке келтірді. Әсіресе қолбасшылық басқармасы мен оған жақын орналасқан аумақтарға ерекше көңіл бөлінді.

Аталған шара отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік рухында өтіп, жеке құрамның ұйымшылдығын арттыруға және бөлімдегі қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Шараға қатысқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Тимур Мұсабеков өз сөзінде мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды:

- Осындай игі шаралар әскери қызметшілердің туған жерге деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Тазалық – тәртіптің айнасы. Сондықтан біз үшін бұл тек сенбілік емес, бұл – тәрбие мен бірліктің көрінісі, - деді ол.

Айта кетейік, осындай сенбілік шаралары өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);