ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан» чат-ботына бір жылда 26 мыңнан ас...

«Таза Қазақстан» чат-ботына бір жылда 26 мыңнан астам өтініш түскен

Әлеумет 01.01.2026, 12:08 265
«Таза Қазақстан» чат-ботына бір жылда 26 мыңнан астам өтініш түскен
Сурет: Ortcom.kz
2025 жылы «Таза Қазақстан» чат-ботына азаматтардан 26 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

2025 жылы «Таза Қазақстан» чат-ботына азаматтардан 26 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Бейжайлық танытпаған табиғат жанашырларының арқасында миллион гектар аумақтағы заңсыз қоқыс орындары тазартылды. Ал Шығыс Қазақстан өңірінде 16 мыңнан астам экологиялық заңбұзушылық тіркелді. Негізінен олар спутниктік мониторинг және бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Еліміздің шығысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды көлемде өткізілді.

Әр жобаға шамамен 5 мыңға жуық адам қатысты. Негізінен олар студенттер және әлеуметтік сала мамандары. Алайда қоғамдық белсенді Роман Честныхтың айтуынша акцияның бұқаралық сипат алуы, оның тиімділігін көрсетпейді. Романның пікірінше экологиялық мәдениеттің маңыздылығын креативті шешімдер қолдана отырып, қарапайым тілмен көпшілікке түсіндіре білу қажет.

Роман Честных, қоғам белсендісі: - Чаттар болсын, әкімдікпен кері байланыс құралдары болсын оның бәрі өз деңгейінде жұмыс істемейді.

Соңғы төрт жылда шығысқазақстандықтар 42 миллион көшет еккен. Бірақ өкінішке орай, бір жағынан табиғатқа нұқсан келтіріп жатады. 2025 жылы өңірде 289 заңсыз қоқыс орындары анықталған. Ол үйінділердің дені полиция тексерісі барысында мәлім болды. Ғарыштық мониторинг барысында да бірнеше заңсыз қоқыс алаңдары табылды. Солардың нақты орынын көрсетіп, «Таза Қазақстан» чат-ботына жолдадық. Бұл тиісті мемлекеттік органдармен тікелей байланыс жолы. 2025 жылы өңірдегі 270 заңсыз қоқыс алаңдары тазартылған. 10 мыңнан астам адамға айыппұл салынған. Солардың заңсыз әрекеттерін кейбіреулер көріп, біліп жүрсе де, айтып, хабарламайды. Басым бөлігі табиғат тазалығын сақтау үшін ашылған чат бар екендігін де білмейді. Қала тұрғындары арасында жүргізілген шағын сауалнама соны көрсетті. Облыста чат-боттың жедел байланыс желісі 2024 жылы ашылды. Содан бері 200-ден астам өтініш қабылдапты. Көп деуге келмейді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы өтініш түссе, шұғыл шаралар қолдануға әзірміз, - дейді.

Ержан Ыбыраев, ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: - Заңсыз қоқыс алаңдары туралы ақпарат әдетте бізге «Таза Қазақстан» платформасы арқылы түседі. Оны мамандар зеттеп, сосын тазарту жұмыстарына кіріседі. «Таза Қазақстан» чаты негізгі ақпарат көзі болғандықтан, кез-келген тұрғын ол жерде хабарлама қалдыра алады.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы елімізде 10 млн-нан астам белсендіні біріктірді. Атқарылған жұмыс - ауқымды. Алайда чат-бот сияқты жобаларды аймақтарда насихаттау жұмысы мардымсыз. Іс жүзінде тұрғындар «Таза Қазақстан» чат-боты жайында біле бермейді. Сондықтан  қоршаған ортаның ластану деректерін көре тұра,  тиісті органдарға шағымданбайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.