Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан» Алматыда: жол инфрақұрылымы күні 

«Таза Қазақстан» Алматыда: жол инфрақұрылымы күні 

Әлеумет 11.09.2024, 11:04 1,135
«Таза Қазақстан» Алматыда: жол инфрақұрылымы күні 
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымы ретке келтірілуде 

Алматыда Қала күні қарсаңында Тазалық апталығы аясында жол инфрақұрылымын ретке келтірілу жұмыстары қыза түсті

Қазіргі уақытта қалада 1700 аялдама кешені жуылып, 390 бағдаршам нысаны боялып, жуылып жатыр, 6 км негізгі көшелерде 4 537 жол белгісі мен металл қоршаулардың тіректері жуылып, боялуда. 

Қоғамдық көліктің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету жұмысы күшейтілді. Қала жолдарында күнделікті жүретін 2,5 мың автобустың шанағы мен салонының тазалығы, сондай-ақ жүргізушілердің сыртқы келбеті бақылауға алынған.


 
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандардың маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне жол белгілері жаңартылып жатыр.

Айта кету керек, кеше қалада көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқысты, көшедегі қоқыс жәшіктері мен арық жүйесін жинау бойынша ауқымды жұмыс басталды. Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалада 700-ден астам контейнерлік алаңдарды санитарлық тазалау, жуу және залалсыздандыру, 24 747 көше және аула қоқыс жәшіктерін тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қала күні қарсаңында Алматыда Тазалық апталығы өтуде. 9-13 қыркүйек аралығында «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық науқаны және республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көшелер, аулалар, субұрқақтар, өзен жағалаулары, саябақтар, скверлер мен тау бөктерін жинау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.