ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «ТАЗА АУА» науқаны: Экологиялық бекеттерде көлікт...

«ТАЗА АУА» науқаны: Экологиялық бекеттерде көліктер тексерілді

Әлеумет 04.03.2025, 12:57 509
«ТАЗА АУА» науқаны:  Экологиялық бекеттерде көліктер тексерілді
Алматы қаласы әкімдігі
Экологиялық қауіпсіздік мәселесінде экопосттардың маңызы зор. Қоршаған ортаның ахуалын жақсарту үшін «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза ауа» науқаны жалғасын тауып келеді....

Экологиялық қауіпсіздік мәселесінде экопосттардың маңызы зор. Қоршаған ортаның ахуалын жақсарту үшін «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза ауа» науқаны жалғасын тауып келеді. Өткен демалыс күндері полицейлер экологтармен бірге бірнеше көлікті тексеріп, экологиялық талапқа сәйкес келмейтін көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырды. 

Мониторингтің мақсаты – көліктердің зиянды шығарындыларын азайтып, экологиялық стандартқа сәйкестігін қадағалау. Алматыға кіретін көліктерді тексеру үшін 19 экологиялық пост орнатылған. Ауа сапасын бақылау үшін мұндай нысандардан бөлек, тағы 3 жылжымалы экологиялық бекет жұмыс істейді. Экобекеттердегі мобильді құрылғылар ауа сапасын бақылап, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қолданылады. Экологтар арнайы қондырғымен бір сәтте көліктен бөлінген газдың көлемін анықтайды. Бекеттер қаланың кіреберіс жолдарында, маңызды көлік тораптарында және ластану деңгейі жоғары аймақтарда орналасқан.

2023 жылы экопосттарда Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 25 728 әкімшілік хаттама рәсімдеді. 2024 жылы жүргізілген 204 996 өлшеу нәтижесінде, 34 708 автокөліктің (немесе 17%-ының) белгіленген уыттылық және түтінділік деңгейінен асып кеткені анықталды. Осыған байланысты 31 682 әкімшілік хаттама толтырылған.   

 ·                   Тақырыпқа орай

 

Абдухамит АМАНҚҰЛ, аға эколог: Ауа сапасын жақсартудың жолы

 «Таза ауа» акциясы аясында 2024 жылы жылжымалы экопосттар қала аумағында 1197 өлшеу жүргізді. Оның ішінде 239 дизельді, 958 бензин-газбен жүретін автокөлік тексерілді. Нәтижесінде 552 автокөліктің (яғни тексерілгендердің 46%-ының) белгіленген нормаларды бұзғаны анықталды.   466 автокөлікте көміртегі тотығының (CO) мөлшері рұқсат етілген деңгейден жоғары, 86 автокөлікте түтінділік деңгейінің артқаны тіркелді. Жылжымалы экопосттар аталған заңбұзушылықтар бойынша 20 мемлекеттік тіркеу нөмірін уақытша тәркіледі. Қазіргі уақытта 12 автокөлік ақауларын жойып, қайта тіркеуге алынды. Экопосттардың оң нәтижесі – уыттылық және түтінділік нормаларын бұзатын автокөліктер санының азаюы. 2020 жылы бұл көрсеткіш 20%-дан астам болса, 2024 жылы шамамен 17%-ды құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.