ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды іс...

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» қорытындыланды

Тәуелсіздік-30 03.12.2021, 15:40 1,215
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» қорытындыланды
Сурет: Gov.kz
Кереку өңірінде қайырымды тірлік болды

Кереку өңірінде қайырымды тірлік болды


Бүгін Керекуде өткен «Қайырымды істер марафонының» қорытындысына арналған салтанатты шарада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыұлттық іс-шараға белсенді қатысқан азаматтарға үндеуін оқып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бұл – халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеп, көпшілікті жақсылық жасауға жұмылдыратын жалпыұлттық жоба. Мерейлі жылда елімізде қоғамдық маңызы бар нақты жұмыстар атқарылуда. Осы марафон – соның жарқын мысалы. Волонтер жылындағы игілікті істер жалғасын тауып, дәстүрге айналғанын көрсетеді. Шын мәнінде, қиындыққа тап болған адамға қамқорлық жасау – қанымызда бар қасиет», - делінген Мемлекет басшысының үндеуінде.



Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік және республикалық ҮЕҰ өкілдері, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.



«Марафонға 1200 ҮЕҰ мен волонтерлік ұйым, 300-ден астам білім беру ұйымы, 360 ұжым мен кәсіподақ қатысты. Ұжымдар мен коммерциялық ұйымдардың қайырымдылыққа жіберген жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрады», - деді А.Балаева өз сөзінде.



Министр Президенттің бастамасын қолдау ісінде ерекшеленген және өзгелерге айрықша үлгі болған өңірлерді атап өтті.



«Барлық көрсеткіштер бойынша бұл: Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстары», - деді А.Балаева.



Сондай-ақ, іс-шара барысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Ким сөз сөйледі.


Марафонның жабылуы аясында «Ең мейірімді» байқауының жеңімпаздары, сондай-ақ қайырымдылық саласында маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін жыл сайын өткізілетін «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының лауреаттары марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.