AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Тәуелсіздік күніне тарту: Алматыда тағы бір замана...

Тәуелсіздік күніне тарту: Алматыда тағы бір заманауи кітапхана ашылды

Кітап - көңіл кілті 15.12.2025, 16:42 797 Ернұр Рысбай
Тәуелсіздік күніне тарту: Алматыда тағы бір заманауи кітапхана ашылды
сурет: Самат Құсайынов

Алматының рухани өмірінде тағы бір маңызды қадам жасалды. Тәуелсіздік күні қарсаңында қалада оқырмандарға арналған жаңа, заманауи кітапхана салтанатты түрде ашылды.

Жаңа мәдени нысанның ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ол кітапхананың тек білім ордасы ғана емес, қала өмірінің маңызды рухани кеңістігіне айналатынын атап өтті.

Жаңа кітапхана қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен іске қосылды. Бұл – Алматыдағы 29-шы кітапхана. Ол цифрлық технология мен ұлттық рухани мұраны ұштастырған заманауи форматта жұмыс істейді. Кітапхана барлық жастағы тұрғындарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға толық қолжетімді.

 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиевтің айтуынша, жаңа кітапхана Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отыр.

"Бүгінде қала бойынша 28 кітапхана жұмыс істейді, ал бұл – 29-шы. Кітапхана Бостандық ауданында, қолайлы жерде орналасқан. Мұнда балаларға арналған арнайы аймақ, студенттерге арналған залдар, жиналыс пен кездесулер өткізетін бөлмелер, жоғары жылдамдықты интернет залдары бар. Кітап қоры – 20 мыңнан асады. Жыл соңына дейін тағы екі кітапхана ашу жоспарланып отыр. Келесі жылы да бұл жұмыс жалғасын табады", – деді ол.

Кітапхананың жалпы аумағы шамамен 500 шаршы метрден асады. Нысан инклюзивті талаптарға толық сай жабдықталған. Мұнда оқу залы, конференц-зал, арнайы жұмыс орындары қарастырылған. Кітапхана келушілерге тегін Wi-Fi қызметін ұсынады.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мейрам Бектенбаевтың айтуынша, бұл филиал қала тұрғындары үшін жаңа мәдени орталыққа айналмақ.

"Кітапхана барлық санаттағы тұрғындарға арналған. Мұнда кітап оқуға, конференциялар мен кездесулер өткізуге, балаларды алып келуге мүмкіндік бар. Кітапхана аптаның жеті күні, таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қор жыл сайын толықтырылып отырады", – деді ол.

Жаңа кітапхана – Алматының мәдени өмірін байытып, қала тұрғындарына білім мен шабыт сыйлайтын тағы бір маңызды рухани ошақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);