AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік жылдарында елімізге қанша қандас келге...

Тәуелсіздік жылдарында елімізге қанша қандас келген?

Әлеумет 24.04.2025, 12:08 941 yakiya
Тәуелсіздік жылдарында елімізге қанша қандас келген?
Сурет: Gov.kz

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, 1991 жылдан бері елге 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ведомство мәліметінше, биыл 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. 

"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1 пайыз) Қытайдан, 39,5 пайыз – Өзбекстаннан, 5,8 пайыз – Түрікменстаннан, 2,5 пайыз – Монғолиядан, 1,9 пайыз – Ресейден және 2,2 пайыз басқа елдерден", - делінген хабарламада.

1 сәуірдегі мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1 пайыз және зейнеткерлер 8,2 пайыз болған.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9 пайызы жоғары білімді, 27,8 пайызы орта кәсіби білімді, 52,9 пайызы жалпы орта білімді, және 1,4 пайызының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.

"Сонымен қатар, қандастарды қоныстандыру үшін Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары анықталды", делінген министрліктің ақпаратында.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адам болады. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #Тәуелсіздік #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);