AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік жалыны – жүрегімізде

Тәуелсіздік жалыны – жүрегімізде

Әлеумет 18.12.2025, 11:11 690 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқтабаева Жадыра
Тәуелсіздік жалыны – жүрегімізде
Сурет: автор

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың асыл арманы, ұлттың ұлы мұраты. Осы қасиетті күнді ұлықтау мақсатында  №110 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік жалыны – жүрегімізде»атты рухани-патриоттық бағыттағы мерекелік іс-шара өтті. Бұл тек мерекелік кеш қана емес, бұл – ұлт намысы үшін басын бәйгеге тіккен ерлерге тағзым, азаттықты арман еткен жастарға іштей ескерткіш орнату болды. Іс-шара барысында оқушылар ең алдымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен жүздесті.«Айбын» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Білім саласының Құрметті қызметкері,ардагер, Патриоттық қозғалыс  «Желтоқсан Ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу аудандық филиалының жетекшісі Смагулов Тукен Жумабекұлы мен Ұйым мүшесі,ардагер Қасқабасов Қасым Алсеитұлы сол бір зұлмат күндердің шындығына терең бойлап, ар мен намыс үшін алаңға шыққан боздақтардың көз жасын, жан айқайын жүрекке жеткізе әңгімелеп берді.Сондай-ақ мектебіміздің аға оқытушылары, «Желтоқсан оқиғасының»  қатысушылары Салимова Күләш Сабеновна мен Сарсенбина Ляйля Сагмановнаның әңгімесінен алаңдағы мұзға тоңып, намыстан жанған жастардың күресі – бүгінгі ұрпақ үшін ұлы сабақ екенін түсінді. Кездесу кезінде олар тарихи сәттерге шолу жасап, ел тәуелсіздігі жолындағы күрес пен сол күндердің ауыр да, абыройлы жүгін баяндады. Оқушылар желтоқсаншылардың батырлығы мен қайсарлығына тәнті болып, көкейдегі сұрақтарын қойып, ашық-жарқын сұхбат құрды.

Мереке барысында оқушылар желтоқсан көтерілісін көрініс арқылы сахналап, сол бір сындарлы сәттерді шынайы бейнелеп көрсетті. Сол кезеңдегі жастардың ерік-жігерін, әділетсіздікке қарсы тұрған табандылығын, ұлтқа деген махаббатын тебіреніспен жеткізді Бұл көрініс оқушылардың жүрегіне жол тартып, патриоттық сезімін оятты. Сонымен қатар, шара аясында «Арғымақ» тобы патриоттық әндерін орындап, көрермендерді баурап алды. Жас өнерпаздар «Менің Қазақстаным», «Желтоқсан желі», «Рух» сынды әндерді шырқады. Іс-шара барысында тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктері мен ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы ойлар айтылып, тәуелсіздік – мәңгілік құндылық екені терең насихатталды.

Мерекелік кеш соңында мектеп директоры Руфинат Бекдайырқызы қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп,құттықтау жолдады.Кеш қонақтары да батасын беріп, ел болашағы – жас ұрпақтың бойындағы рух пен жігер екендігін жеткізді.

Сонымен қатар мектебіміздің жас суретшілері «Сурет көрмесін» ұйымдастырып,тәуелсіздігіміздің нышаны болған ұлттық рәміздерімізді бейнеледі.Спорт залда дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бастамасымен «Ұлттық ойындар» атты ата-аналардың қатысуымен  сайыс өтті.Кітапханамызда «Тәуелсіздік-ел тірегі» тақырыбында мәнерлеп оқу жарысы, ал бастауыш сыныптарда патриоттық бағыттағы ашық сабақтар өткізілді. Есте қаларлықтай әдемі сәттер мен салиқалы сұқбаттарды  «АлмаТV» телеарнасы қызметкерлері бейнетаспаға түсіріп, көгілдір экран арқылы көпшіліктің назарына ұсынды.

Осындай тағылымы мол, рухты көтеретін кездесулер мен мерекелік шаралар жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіруде үлкен рөл атқарады. Себебі, Тәуелсіздік жалыны – әр қазақтың жүрегінде!

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #жалын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);