ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Тәуелсіздік - басты құндылығымыз

Тәуелсіздік - басты құндылығымыз

Тәуелсіздік-30 07.12.2021, 06:19 1,416
Тәуелсіздік - басты құндылығымыз
Сурет: Тurkystan.kz
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы жарық көрді. Елбасымыз мақалада Қазақстанның ел болуына кедергі болған, осыған дейін айтылмай келген жайттарды жазған екен.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы жарық көрді. Елбасымыз мақалада Қазақстанның ел болуына кедергі болған, осыған дейін айтылмай келген жайттарды жазған екен.


Қазақ халқы заманның әр кезеңінде сан түрлі тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Соғысты да, аштықты да көрдік. Соның барлығын еңсеріп, тарих төсінде Қазақстан деген тәуелсіз елді орнықтыру бізге оңай болған жоқ.


Ата-бабаларымыздың қанымен, азаттықты аңсаған халықтың зарымен келген Тәуелсіздік - басты құндылығымыз. Елбасымыз да әр сөзінде Тәуелсіздіктің қадірін баса айтып отыр. Бұл мақала үлкен кітапқа арқау болатын оқиғаларға толы.


Отыз жылда жүріп өткен жолымыз бір мақалаға сыймасы анық. 90-жылдардағы аумалы-өкпелі кезең, халықтың алаңдаулы көңіл-күйі, бұлыңғыр болашақ, Елбасы атап өткендей халықтың 40 пайызы ғана қазақ ұлтынан құралып, тіліміз байлаулы, экономикамыз мүшкіл уақытты да жүріп өттік.

Бүгінгі күні Аллаға сансыз шүкір, қазақтың таңы баянды, заманымыз тыныш, сан ұлт бір шаңырақ астында тату қоғамда өмір сүрудеміз. Бұл Тәуелсіздіктің жетістігі.

Елбасының мақаласында үлкен тарих, тағылымды ойлар мен болашаққа үндеу жатыр. Мақаланың мемлекеттік маңызы жоғары. Сондықтан, әрқайсымыз оқуымыз керек.

Өткеннен тағылым алып, кемел болашаққа еркін қадам басып келеміз. Елбасының сөзімен айтсам, «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін».


 


Қарагөз Сүлейменова,


Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрайымы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.