конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қаси...

«Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық»

Тәуелсіздік-30 06.12.2021, 13:09 1,389
«Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық»
Сурет: Almaty-akshamy.kz

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы Алматы қаласында қабылданып, жаңа Тәуелсіз мемлекетіміз  – Қазақстан Республикасының пайда болғаны туралы күллі әлемге жария етілді.


Елбасы «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында елдіктің қалыптасуындағы бастау бұлағы саналатын дәл Алматы қаласында мемлекеттік маңызды оқиғалардың бірнеше мәрте орын алғанын өзі де атап өтті. Мысалы, 10 желтоқсан - Нұрсұлтан Назарбаев елдің алдында халық сайлаған Тұңғыш Президент ретінде ант берген күн. Сондай-ақ, сол күні осыдан дәл 30 жыл бұрын Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы шешім де Алматыда қабылданды. Бүгінде Алматы Елбасы жеке өзі атаған «Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты құрметті атағын абыроймен көтеріп келе жатыр.



Тәуелсіздік рухымызды көтеріп, болашаққа деген сенімімізді нығайтты. Ата-бабаларымыз салған жолдың тарихи тағылымы бізге игіліктің негізі – халықтың бірлігінде екенін айқын көрсетті. Тағдырдың жазуымен қазақ жеріне тамсанған түрлі ұлт пен дін өкілдерінің татулығын, келісімі мен достығын өз өркендеуіміздің алтын кілті ретінде таңдап, біз болашаққа сеніммен қадам бастық. Бұл Қазақстан халқын бұрын-соңды болмаған биіктерге көтерді.



Тәуелсіздік мерейтойы – еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын зерделеп, кемел келешекке жаңа бағдар түзетін кезеңдік оқиға. Аталған кезеңде тағдыршешті рөл атқарған бірден бір тұлға – біздің Ұлт Көшбасшымыз. Атадан қалған асыл сөз демекші, бұл мақалада Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткенге көз жүгіртіп, өскелең ұрпаққа тарихымызды ұмытпауды ескертіп, санамызға жаңадан серпін берді.


 Мейіржан Отыншиев,


Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #Назарбаев #көшбасшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);