AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маң...

Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық

Әлеумет 16.12.2024, 11:10 1,581
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Сурет: Aqshamnews.kz

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты Шаймардан Нұрымов:

– Бұл күн әрбір қазақстандықтың өмірінде ерекше маңызға ие. Ол біздің егемен еліміздің қуатты, дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде жеткен табыстарының символына айналды. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі артып, пікіріне құлақ асатын елге айналғанын көрсетеді.

Тәуелсіздік жылдарында біз өз Конституциямызды қабылдап, заңдарымызды бекіттік, тұрақты экономика құрдық. Көрші елдермен мемлекеттік шекарамызды делимитацияладық, қуатты әскер жасақтадық және әлемнің әртүрлі елдерімен табысты сауда қарым-қатынасын жолға қойдық. Елімізде 100-ден астам ұлт өкілі татулық пен ынтымақтастықта еңбек етіп, болашақ ұрпақтың игілігі үшін аянбай қызмет етуде.

Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі және көптеген халықаралық, аймақтық ұйымдарға белсенді қатысушы. Біз ядролық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге бейбітсүйгіштік пен көрші елдермен достық қарым-қатынас орнату үлгісін көрсеттік. Бұл тек көрші мемлекеттермен ғана емес, сонымен қатар бүкіл өркениетті әлеммен үйлесімді байланыстар құруға негіз болды.

Әрбір қазақстандық үшін бұл мереке – еліміздің қол жеткізген табыстары үшін мақтаныш және Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге деген ниеттің мерекесі.

Барша отандастарымды шын жүректен құттықтаймын! Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #Құндылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);