AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Тәуелсіз елдің тірегі – тіл мен тарих

Тәуелсіз елдің тірегі – тіл мен тарих

Білім және ғылым 05.02.2025, 17:55 918 Тамаша Рахымжанова, Әуезов ауданы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тәуелсіз елдің тірегі – тіл мен тарих
almaty-akshamy.kz

Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің тірегі – тіл мен тарих» тақырыбында онкүндік өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға тіл мен тарихтың қоғамдағы және мемлекеттің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіру, ұлттық мұраны сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу.

 

Онкүндік барысында оқушыларды ұлттық мұражайға апарып, еліміздің тарихымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Мұражайдағы түрлі жәдігерлер, тарихи тұлғалар туралы мол мағлұмат алу арқылы оқушылар қазақ халқының бай тарихын тереңірек түсінді. Бұл экскурсия олардың ұлттық құндылықтар мен мәдениетке деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, онкүндік аясында ашық сабақтар мен интеллектуалды ойындар өткізіліп, оқушылардың танымдық қабілеттері сыналды. Оқушылар қазақ тілінің байлығын, сөздік қорын пайдаланып, әртүрлі тапсырмаларды орындалды. Бұл орайда, ұлттың тарихы мен тілінің бір-бірімен тығыз байланысты екені айқын аңғарылады. Интеллектуалды ойындар мен шығарма талдауларында оқушылар тарихқа қатысты сұрақтар мен тақырыптарға жауап беріп, қазақ халқының ұлы тұлғалары мен ел тарихындағы елеулі оқиғаларды еске түсірді. Осындай іс-шаралар жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға және олардың өз елінің мәдениетін қастерлеуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

Онкүндіктің тағы бір маңызды бөлігі – мектепішілік «Елсана» газетінде оқушылардың тіл мен тарихқа қатысты мақалалары, пікірлері мен шығармашылық жұмыстарынан үзінділер жарияланды. Бұл басылым оқушылардың жазу мәдениетін дамытуға және олардың қоғамдық пікірге қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік берді. Онкүндік аясындағы үлкен іс-шара «Үздіксіз үдерістер: оқу және оқыту әдістеріндегі революция» тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Семинарға әр ауданнан педагогтар қатысып, қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен танысып, тәжірибе жинақтап қайтты. Семинарда әдебиетті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетіліп, оқушылардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру жолдары талқыланды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарих #бала #мектеп #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);