Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүрілді

Тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүрілді

Әлеумет 12.11.2024, 16:46 1,251
Тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүрілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) салынып жатқан үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз бой көтерген, деп хабарлады Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы.

«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) салынып жатқан үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз бой көтерген, деп хабарлады Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы.

Жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған. Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.

2024 жылдың 19 шілдесінде басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берді.

Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 52 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.