ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Татулықты ту еткен жарыс

Татулықты ту еткен жарыс

Спорт 24.10.2022, 05:07 1,107
Татулықты ту еткен жарыс
Сурет: Ольга Апельганец
Алматыда «Рухани келісім күніне» орай спартакиада өтті

Алматыда «Рухани келісім күніне» орай спартакиада өтті


Жақын күндері елімізде «Рухани келісім күні» тойланған болатын. Бұл күн - еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Татулықты ту еткен мерекенің құрметіне орай кеше Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшылығымен «Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында Алматыда  кезекті спартакиада өтті.


Бұқаралық-спорттық шараның шартына сәйкес 16 жастан асқан Алматы қаласының тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Аталған шара барысында қатысушылар: арқан тарту, армрестлинг, гір тасын көтеру,  қошқар көтеру, асық ату, мини-футбол секілді спорт түрлерінен бақ сынады.



Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – «Қошқар көтеру» сайысы болды. Өйткені жеңімпаз атанған балуан қошқарды жетектеп қайтады. Бәске екі бірдей қошқар тігіліп жиналған көпшіліктің өз бақтарын сынап көрулеріне мүмкіндік берілді. Алғашқы топта Айдын Нұғыманов 54 рет көтеріп жеңіске жетсе, екінші топтан Бауыржан Әбдіқайымов ешкімге дес бермеді. Ол тіпті екі минут ішінде 58 рет көтерді.



«Біріншіден осы сапартакиаданы ұйымдастырған қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшылығына және «Ұлттық мұра» бағдарламасына алғысымды айтамын. Өзім «қошқар көтеру» сайысында жеңімпаз болдым. Кеше ғана Алматы облысында өткен жарыста уақыт шектеусіз болып 1115 рет көтерген едім. Бұл жолы 2 минут қана берілгендіктен 58 рет көтердім. Осындай спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрса, қала халқының салауатты өмір салтын ұстануына және денсаулықтарының мықты болуына ықпал етеді», - деді спартакиада жеңімпазы Бауыржан Әбдіқайым.



Гір тасын көтерген білекті жігіттер де көпшілікті тамсандырды. Тасты 101 рет әуелеткен Айдын Нұғыманов бас жүлдені иеленсе, 72 рет көтерген Абзал Тілеубаев екінші орынға тұрақтады. Жүлделі үштікті 71 рет көтерген Сайфулла Маликов түйіндеді.



Арқан тартқанда ұйымшылдық танытқан «Асқар» тобының апайтөс жігіттері топ жарды. Финалда есе жіберіп алған «Құдайберген» тобы 2-орын, ал «Заря» тобы 3-орынға тұрақтады.


Ұлттық ойын – асық атуда мергендігімен көзге түскен Диас Серікбаев жеңімпаз болды. Ал білекті жігіттердің бәсекесі – армрестлингте Абзал Тілеубаев мықты екенін дәлелдеді.


Футбол турнирінде 28 команда өнер көрсетті. Топтық кезеңнен де, плей-ооф ойындарынан да мүдірмей өткен «Алғабас» пен «Арлан» командалары бас жүлдені өзара сарапқа салды. Тартысты өткен финалдық ойында «Алғабас» футболшылары жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ал, жүлделі үштікті «Іле-Алаш» командасы түйіндеді.


Жарыс соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер  ұйымдастырушылар  тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Шараның негізгі мақсаты да мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.