ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тасқын болған аймақтарда инфекцияға қарсы вакцинац...

Тасқын болған аймақтарда инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізу керек пе?

Әлеумет 18.04.2024, 07:28 980
Тасқын болған аймақтарда инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізу керек пе?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
Күн жылыған сайын инфекцияның түрлері көбейе түседі

Күн жылыған сайын инфекцияның түрлері көбейе түседі


ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бір ауысымда 250 пациентті қабылдай алатын Жылыой аудандық емханасына, 75 орындық модульді аурухана мен 150 орындық аудандық ауруханаға, Құлсары қаласында орналасқан эвакуациялық пунктке барды.


Ол медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтарымен, эпидемиологиялық ахуалымен танысып, дәрігерлермен және пациенттермен әңгімелесті.


Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев өңірдегі ахуалмен таныстырды.



«Құлсары қаласы, Қосшағыл елді-мекені, Жаңа Қаратон поселкасында эвакуацияланған тұрғындарға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал шұғыл ота қажет ететін пациенттер мен жүкті әйелдерді босануға Бейнеу аудандық ауруханасына жолдануда. Ауданда жалпы облыс бойынша су басуға ұшыраған денсаулық сақтау нысандары жоқ», - деді Қайсар Абдалиев.



Эвакауациялық пунктпен медициналық мекемелерде болған Айжан Есмағамбетова ластанған судан пайда болатын инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бірқатар ұсыныстар тастады.



«Ауданды судан тазалайтын техниканың санын көбейту қажет. Себебі ауа температурасы жоғарылаған сайын инфекциялық түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, инфекциялық ауруларға қарсы алынуы тиіс вакцинациялау туралы ақпарат беру керек», - деді Айжан Есмағамбетова.



Бүгінгі таңда барлық медициналық ұйымдарда су басқан елді мекендерде медициналық алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары, су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі жоспары әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.