AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ташкентте Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің өза...

Ташкентте Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің өзара іс-қимыл перспективасы талқыланды

Билік 18.08.2021, 15:23 1,433
Ташкентте Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің өзара іс-қимыл перспективасы талқыланды
Фото: Е.Үкібаев

Ташкент қаласында «Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланысы: алғышарттар, перспективалар, геостратегиялық маңызы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің қолдауымен ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ол өз сөзінде орталық және Оңтүстік Азия елдерінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Вице-спикер Орталық Азия өңірінің айтарлықтай әлеуетіне ерекше назар аударды. Қазіргі таңда 75 млн-нан астам адамды қамтитын өңірдің жылдық жалпы жиынтық өнімі шамамен 300 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал, сыртқы сауда айналымы 145 млрд. доллардан асады.


Одан бөлек, «Бір белдеу және бір жол», Транскаспий халықаралық көлік дәлізі, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты ауқымды жобалар аясында қалыптасқан Еуразияның орталығындағы көлік интеграциясына баса мән берілді.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 6 тамызда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде осы мәселеге тоқталған еді. Қазақстан Президенті сол кездесуде Орталық Азияда көлік коммуникацияларын дамыту аймақ елдерінің жалпы ішкі өнімін 15 пайызға өсіруге мүмкіндік туғызатынын айтып, оны аса зор резерв деп атады.


Сондай-ақ, Вице-спикер өңірлік қауіпсіздік проблематикасына, атап айтқанда, Ауғанстандағы қазіргі жағдайға назар аударып, бұл мәселеде оң жағынан танылған келіссөз алаңдарын белсенді пайдалануға шақырды.



«Инклюзивті мемлекет идеясының өзектілігі жойылған жоқ. Мәселе әскери жолмен шешілмейді. Сондықтан қарсы тараптар келіссөздер жүргізу үшін бір үстелдің басына отыруы керек», – деді Асқар Шәкіров.



Сонымен қатар конференция барысында өңіраралық өзара іс-қимылды тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Ол үшін өңір елдерінің саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын арттыру, осы бағыттағы тиімді тетіктерді әзірлеудің маңызы зор екені айтылды.


Жиынға қатысушылар денсаулық сақтау және биоқауіпсіздік мәселелерін де талқылады. Бұл бағытта болашақта биологиялық қауіптердің алдын алуға және қауіпті аурулар туралы мәліметтер алмасуға ықпал ететін Халықаралық биологиялық қауіпсіздік жөніндегі агенттік құру туралы Қазақстанның бастамасы атап өтілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #Байланыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);