конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ташкентте «Алаштың асыл арыстары» атты халықаралық...

Ташкентте «Алаштың асыл арыстары» атты халықаралық көрме ашылды

Әлеумет 15.10.2023, 10:24 1,402
Ташкентте «Алаштың асыл арыстары» атты халықаралық көрме ашылды
Сурет: ашық дерекөз

2023 жыл 4 қазан күні Ташкент қаласындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінде «Алаштың асыл арыстары» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ӨзА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Аталған басылымның келтірген мәліметіне сүйенсек, атаулы көрмені Қазақстанның Мемлекеттік орталық музейі және Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейі бірлесіп жасаған.


Халықаралық көрме ағартушы-ғалым, дәрігер, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін, жоғары білім беруді және баспа ісін алғаш ұйымдастырушылардың бірі Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығы мен ақын, драматург, аудармашы, педагог Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылған.   


Көрмеге қазақтың біртуар азаматтары Халел Досмұхамедов пен Мағжан Жұмабаевтың өмір жолынан сыр шертер архивтік құжаттармен қатар ұлы тұлғалардың ұстап-тұтынған жеке заттары, кітаптары қойылған. Сонымен қатар, Алашорда қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллиннің жеке кешендері негізінде музейлік заттар мен қатар ақпараттық стенділер көрмеге келушілерге ұсынылған.


«Халықаралық көрмені 2023 жылдың 4-11 қазан күндері аралығында Ташкент қаласындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейіне барып тамашалауға болады» деп жазған ӨзА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаш #Арыстары #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);