AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Таразда төбелестен кейін 10-сынып оқушысы көзінен...

Таразда төбелестен кейін 10-сынып оқушысы көзінен айырылды

Оқиға 15.04.2026, 09:02 561
Таразда төбелестен кейін 10-сынып оқушысы көзінен айырылды
depositphotos.com

Тараздағы мектептердің бірінде үзіліс кезінде 10-сынып оқушысы соққыға жығылып, ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Оқиға гимназия ғимаратында сабақ арасындағы үзілісте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы жасөспірімді өзінен кіші сынып оқушылары алдап ұлдарға арналған киім ауыстыратын бөлмеге кіргізген. Сол жерде жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Бақылау камерасындағы жазбалардан оқиға бірден күш қолдануға ұласқаны байқалады. Жәбірленушінің досы араша түспек болғанымен, оны ұстап қалған. Осы сәтте оқушының басынан бірнеше рет соққы алғаны анықталған.

Ауыр соққы салдарынан жасөспірім көзінен айрылып, шұғыл түрде ота жасалған. Қазір оның жағдайы ауыр, есінде үзік-үзік ғана деректер сақталған. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер көзді сақтап қалу үшін күрделі операция жасаған, ал алдағы 10 күн шешуші кезең болып отыр. Сондай-ақ бала ми шайқалуын алып, контузия диагнозы қойылған.

Жәбірленуші шабуыл кезінде күдіктілердің қолында темірге ұқсас зат болғанын айтқан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, іс “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #бала #көз операциясы #көз #Соққы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);