AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Танымал суретші Түркияға қомақты қаржы аударды

Танымал суретші Түркияға қомақты қаржы аударды

Әлеумет 15.02.2023, 09:47 1,031 Almaty-akshamy.kz. 
Танымал суретші Түркияға қомақты қаржы аударды
Сурет: Ерболат Төлепбайдың жеке мұрағатынан

Ерболат Төлепбай «Ұмай ана» картинасын сатудан түскен 10 млн теңгені Түркияға аударды


Танымал суретші Ерболат Төлепбай «Ұмай ана» картинасын сатудан түскен 10 млн теңгені Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетерлігі, суретші Түркиядағы апаттан кейін «Қазақ өнерінің Түркияға көмегі» акциясына ұйытқы болып, зергер, суретші, әнші, актер, ақын, жазушы сияқты мәдениет және өнер айдынында жүрген барша әріптестерін іс-шараға белсенді атсалысуға шақырған болатын.




«Жарияланған үндеуден кейін аукцион мәселесімен айналыстым. Үлкен аукционды күткенше біршама уақыт өтеді. Ал қазіргідей қиын кезеңде Түркия тарапы қыруар қаражатқа мұқтаж. Сол себепті жедел аукцион ұйымдастырдым. Оған негізінен Қанат Төлеметов бастаған бес жігіт атсалысты. Рүстем Қараев, Ержан Омаров, Виталий Ким, Азамат Сырғабаев секілді атымтай жомарттар бұл ұсынысты қостады», - дейді ЕрболатТөлепбай.




Суретші аукционға «Ұмай ана» картинасын қойған соң, оны жоғарыдағы есімдері аталған бес жігіт бірігіп, 10 млн теңгеге сатып алған.



«Бұл өте сапалы салынған біртуар шығармамның бірі еді. Атымтай жомарт бес жігіт қосылып, аукцион кезінде картинаны 10 миллион теңгеге бағалады. Олар ақылдаса келе, шығарманы да Түркия тарапына сыйлық ретінде тапсыруға шешім қабылдады. Содан Түркияның Алматыдағы Бас консульдығына барып, 10 миллион теңгені Түркиядағы апаттан зардап шеккен бауырларымызға көмек ретінде аудардық. «Ұмай ана» картинасын да табыстадық», - деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Төлепбай #суретші #Ұмай ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);