конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Таңдаулы 100 кітаптың тізімі жарияланды

Таңдаулы 100 кітаптың тізімі жарияланды

Білім және ғылым 11.08.2025, 18:41 1,694
Таңдаулы 100 кітаптың тізімі жарияланды
Сурет: Kazgazeta.kz

Мемлекет басшысы Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек»,- деген еді.

Quryltai.kz дерегінше, Президент тапсырмасына сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауды көздейтін жаңа жоба – «100 кітап» сауал­­намасы басталып, Абай күні қарсанында аяқталды. Сауалнама еGov.kz порталында жүргізілді.

Бүгін жобаның қорытынды іс-шарасы өтіп, оған қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналғандар бұл бастаманың ел руханияты үшін айрықша маңызды қадам болғанын атап өтті.

3 айға созылған сауалнамаға 100 мыңнан астам адам қатысып, өз таңдауын жасады. Бастамаға белгілі қаламгерлер мен сарапшылар да атсалысып, дауыс берді.

Жиынға қатысқандардың пікірі бойынша, бұл жоба қазақ әдебиетін насихаттауға ықпал етіп қана қоймай, кітап өндірісіне де, кітапхана ісіне де соны серпін береді.

Қорытынды тізімге классикалық шығармалардан бастап,  қазіргі заман авторларының да туындылары енді. Тізім құрамына көркем әдеби роман мен повестер, өлең жинақтары кірді.

Толық тізім Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында жарияланды. Бұл  жоба енді тұрақты түрде жалғасып, тізім жаңартылып отырады.

«100 кітап» жобасы – ұлтымыздың болмысын айшықтайтын, қалың оқырманның әдеби талғамын қалыптастыратын, келер ұрпаққа рухани бағыт-бағдар болатын маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);