Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тамила НАСИПОВА, түрік ұлысының өкілі: Қазақстан –...

Тамила НАСИПОВА, түрік ұлысының өкілі: Қазақстан – біз үшін құтты мекен

Әлеумет 01.03.2024, 08:53 944
Тамила НАСИПОВА, түрік ұлысының өкілі: Қазақстан – біз үшін құтты мекен
akorda.kz

Менің ата-бабам Гру­зияның Түркия шекара­сына жақын Аспинзк ау­данындағы Гесунда деген ауылда тұрыпты. Анам­ның айтуынша, Ст а­линнің бұйрығымен 1944 жылы 14 қарашада Қа­зақстанға 86 мың түрік депортацияланған екен.


21 күн дегенде қазақ жеріне жеткен. Бірақ сол аралықта 17 мың қанда­сымыздан айырылыппыз. «Ауылды солдаттар қор­шап алып, жиналуға 15– 20 минут уақыт берді. Сөйтіп, бүкіл ауыл қару­дың күшімен мал таси­тын вагондарға тиелдік. Қай жаққа бара жатқанымызды да білмейміз. Қақаған қыс. Вагонның іші тастай суық. Тоңған, әбден ашыққан мыңдаған адам жол үстінде қайтыс болды. Мәйіттерді жол бойына тас­тап отырды.



Сөйтіп, қаншама қандасымыз жапан далада кө­мусіз қалды. Ең қорқыныштысы, вагонның бір шетінде адам өліп жатса, екінші бір бұрышында өмірге бала келіп жататын. Қажеттіліктерін де сол вагон ішінде өтейтін.


Егер сол кезде бізді қазақтар бауырына баспағанда, өліп кетер едік... Садағаң кетейін, қазақ халқы...» деп ата-анамызға айтып отырады екен. Тарих куәгерлері бүгінде жоқ та шығар. Біз сол кездегі баба­лар өмірі жайында ата-анамыздан тыңдап өстік.


Мәліметтерге сүйенсек, сол кезде түріктерді Сібірге де жер аударған екен. Бірақ ол жаққа барғандардың бірде-біреуі тірі қалмаған. Анам да «бүгінгідей бейбіт заманда білім алып, өсіп-өніп отырғаны­мыз тек қазақ халқының арқасы. Сол үшін де біз дархан елдің жақсылығын ешқашан ұмытпауымыз керек» деп жиі айтады.


Қазақстан – біз үшін құтты мекен. Өйткені, біз түрік хал­қы, мұнда барлық ұлттар мен ұлыстар секілді өзіміздің салт- дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді дамыта отырып, тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан қазақ ұлтына, оның тіліне деген құрметіміз де бөлек. Қазір балаларымыз Элиф пен Сүлейман қазақ мектебіне барады. Отбасымызбен қазақ тілінде еркін сөйлесе аламыз. Осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүрудің өзі бір бақыт деп білемін. Мен бүгін ата-бабамызды бауырына басып, бір үзім нанын бөліс­кен кең пейілді қазақ еліне отбасымыздың атынан шын жү­ректен алғыс айтамын! Мереке құтты болсын!



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #халық #алғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.