AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Таліптер Ауғанстандағы жаңа үкіметтің құрамын жари...

Таліптер Ауғанстандағы жаңа үкіметтің құрамын жариялады

Әлем 07.09.2021, 16:22 991
Таліптер Ауғанстандағы жаңа үкіметтің құрамын жариялады
Сурет: Inform.kz

Ұйым өзін «Ауғанстан Ислам эмираты»,деп атай бастады.  


«Талибан» Ауғанстандағы жаңа үкіметтің құрамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа cілтеме жасап.


«Ауғанстан Ислам эмиратының» премьері міндетін атқарушы қызметіне молла Мохаммад Хасан Ахунд тағайындалды. Ұйым өзін осылай атай бастады. Ол тәліптердің «Шура» жоғарғы кеңесінің жетекшісі болған. Мохаммад Қандағарда дүниеге келген. Аталмыш әскери ұйым да сол қалада ұйымдастырылған.


Премьер-министрдің орынбасары Абдул Гани Барадар болды. Ол топтың ұйымдастырушысының бірі, қуғында жүргенде Қатарда Талибан үкіметін басқарған. Екінші орынбасар - молла Абдул Салам Ханафи. Ол Дохада өткен келіссөздерде тәліптер делегациясының екінші тұлғасы болды. 


Молла Абдул Хак Васик барлау министрлігін басқарады. Ол бұған дейін тәліптердің саяси басқармасында Еуропа бөліміне жетекшілік еткен. 


Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігін қозғалыс көсемдерінің бірі молла Амир Хан Моттаки басқарады. 


ІІМ басшысы болып қозғалыс көсемдерінің бірі Сираджуддин Хакканидің ұлы тағайындалды. Ол ұйымның ең радикалды қанаты «Хаккани желісіне» жетекшілік еткен. 


Ауғанстанның қорғаныс министрі «Талибанды» құрушының бірі молла Мохаммад Якубтың баласы болды. 


Қаржы министрі болып молла Эядулла Бадри тағайындалды. Экономика министрлігін Мохаммад Ханиф басқарады. Орталық банктің басшысы - молла Мохаммад Идрис. 


Білім министрі - шейх Мавлави Нурулла Мунир. Шекара және тайпалар министрі— Нурулла Нури. Табиғи ресурстар министрі— молла Мохаммед Иса Ахунд. Су және электрмен жабдықтау іс бойынша министр— молла Абдул Латиф Мансур. Ауылшаруашылығы министрі— молла Абдул Манан Омари. 


Мәдениет және ақпарат министрлігіне Забихулла Муджахид жетекшілік етеді, ол тәліптердің ресми өкілі болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Талибан #ауғанстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);