ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Талғар ауданында әкім сайлауына дайындық қалай жүр...

Талғар ауданында әкім сайлауына дайындық қалай жүріп жатыр?

Саясат 14.07.2021, 14:40 2,652
Талғар ауданында әкім сайлауына дайындық қалай жүріп жатыр?
Сурет: Gov.kz
Ауданның барлық сайлау комиссиясы маңызды науқанға дайын.

Ауданның барлық сайлау комиссиясы маңызды науқанға дайын.


14 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер мен ауыл әкімдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Дәл қазір өңірлерде науқанға дайындық қызу жүріп жатыр. Белгілі болғандай, Алматы облысының Талғар ауданының өзінде бірден 4 ауылдық округтің әкімі ауысады.



«Отбасымыз және туыс-бауырларымызбен барып, өз дауысымызды береміз. Таңдауымызды жасаймыз», –  деді  Бесағаш ауылының тұрғыны Гүлжамал Тасанова.



Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылдық округінің тұрғындары 25 шілдеде өтетін сайлау күні міндетті түрде дауыс беруге келетіндерін айтты. Себебі сайлау нәтижесі жалпы бір ауылдың тағдырына әсер етеді, сондықтан бұл науқанның олар үшін маңызы зор болмақ.  



«25 шілде ауылдық әкімдердің сайлауы болғалы жатыр. Ауыл тұрғынын сайлағымыз келеді. Өзіміз отбасымызбен келіп, сайлауға қатысамыз.  Ауылға көмектеседі деп үміттенеміз, таңдаған кандидатымызға дауыс береміз», –  деді Бесағаш ауылының тұрғыны Зейнехан Назекенова.



Талғар ауданында ресми түрде тіркелген коронавирустың үнді штаммына байланысты, сақтық шаралары қатаң сақталады. Сайлау орындарында жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында кіреберіске бактерицидтік туннель қойылып, термометр мен антисептиктер қолданылады. Ал дауыс берушілер үшін медициналық бетперделер мен арнайы қолғаптар да дайын.



«Бүгінде ауданның барлық сайлау комиссиясы өз жұмысына дайын. Техника мен материал жағынан толық қамтылған. Канцелярлық тауарлар сынды шығындар үшін қосымша көмек болады», –  деді  Талғар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев.



Талғар ауданы бойынша әкім лауазымына төрт ауылдық округтен өзін 36 адам ұсынған. Ал ауыл халқы өз таңдауын 23 сайлау орнының бірінде жасай алады. Бүгінде жалпы республика бойынша 2500-ге жуық ауылдық округ әкімі бар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жалпы үміткер саны 775 адамды құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.