ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Талдықорған полицейлері пробацияда тұрған азаматта...

Талдықорған полицейлері пробацияда тұрған азаматтарға бизнес ашуға көмектесті

Оқиға 03.08.2021, 09:11 1,641
Талдықорған полицейлері пробацияда тұрған азаматтарға бизнес ашуға көмектесті
Cурет:Polisia.kz
Сотталғандар 1 млн теңге көлемінде грантқа ие болып, өз бизнестерін ашты.

Сотталғандар 1 млн теңге көлемінде грантқа ие болып, өз бизнестерін ашты.


Талдықорған қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған үш сотталған конкурстық негізде бір миллион теңге көлемінде грантқа ие болып, өз бизнестерін ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерек бойынша, Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметі бөлімі, Алматы облысының прокуратурасы және «Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар қатарынан әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз ісін іске асыру үшін бір миллион теңге мөлшерінде грант беру мақсатында «Екінші мүмкіндік» жобасын іске асырды.


Бұл жобаға Талдықорған пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдар және қамау орындарынан босатылған адамдар қатысты.


Ұйымдастырушылар «Өз әлеуметтік бизнесіңді баста» атты оқыту семинарын өткізді. Оқыту әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру әдісімен өтті. Оқу семинары аяқталғаннан кейін финалға шыққандар өздерінің бизнес-жобаларының презентацияларын қорғады.


Байқау комиссиясының шешімі бойынша, Талдықорған қаласындағы пробация қызметінің үш сотталушысы әрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде грант берілді. Гранттар кәріз құдықтарын тазалау, дәнекерлеу жұмыстарына және шаштараз қызметтеріне қажет жабдықтарды сатып алу үшін пайдаланылатын болады.



«Талдықорған қаласының пробация қызметінің және жалпы Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне біз үшін осындай қиын уақытта өз бизнесін ашуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Маған шаштараз ашу үшін жабдық сатып алуға көмектесті, мен сұлулық салонын аштым. Маған сенгендеріңіз үшін көп рахмет! Әрине, жеңу оңай болған жоқ. Мен өз ісімді ашқаныма қуаныштымын», – дейді грант иегерлерінің бірі.




Алматы облысында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға мемлекеттен өтеусіз гранттар беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.



«Естеріңізге сала кетейік, осы жобаның арқасында екі сотталушы шиномонтаж және пластикалық терезелер мен есіктер жасау бойынша өз бизнесін сәтті дамытуда», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.