AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Талапкерлер техникалық мамандықтарға қызықпайды -...

Талапкерлер техникалық мамандықтарға қызықпайды - министрлік

Білім және ғылым 10.08.2022, 13:00 1,697
Талапкерлер техникалық мамандықтарға қызықпайды - министрлік
Сурет: Inform.kz

Мемлекет бакалавриат бойынша 75 мыңнан астам грант бөлді


Талапкерлер техникалық мамандықтарға қызығушылық танытпайды. Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кеше республикалық байқау комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім грантының иегерлері анықталды. Мемлекет бакалавриат бойынша 75 мыңнан астам грант бөлді. Қазіргі уақытта талапкерлер арасында педагогика, стоматология, саясаттану, халықаралық қатынастар сияқты мамандықтар танымал. Ал, механика, ауыл шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі технологиясы салаларына қызығушылық танытқандар аз», - деді Ержан Әмірбекұлы.



Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл гранттардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталған.


Сонымен қатар, Үкімет халық тығыз орналасқан аймақтар мен батыс өңірлерінен өтініш берген талапкерлерге қосымша 10 мың грант бөлді.


Бүгінде оның 2 мыңнан астамы берілген. Конкурс комиссиясы қалған грантты бөлу жұмысымен айналысып жатыр.


Ержан Әмірбекұлының мәліметінше, мемлекеттік білім гранттарының бір бөлігі әлі бөлінбеген.


Оларды тағайындау - конкурс комиссиясының құзырында. Ресми дерекке сәйкес, мемлекеттік грантқа 79 мыңға жуық талапкер өтініш жолдаған.


Қазіргі таңда талапкерлердің кейбірі түрлі себептермен өз грантынан бас тартқан. Олар басқа талапкерлер арасында бөлінеді.


Еске сала кетейік, бүгін мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гранд #білім #оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);