ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Талапкерлер наурыз ҰБТ-сын тапсырды

Талапкерлер наурыз ҰБТ-сын тапсырды

Білім және ғылым 18.03.2024, 13:48 1,337
Талапкерлер наурыз ҰБТ-сын тапсырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Екі аптада сынақтан өткен талапкердің саны – 59 мың.

Екі аптада сынақтан өткен талапкердің саны – 59 мың.


Жастардың 71,49%-ы қазақ тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Наурыз айындағы ҰБТ басталғаннан бері 59 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 71,49%-ы қазақ тілінде, 29,39%-ы орыс тілінде, 70 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.


ҰБТ басталғалы шекті балды 69,26%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,08 балл болды. Ең жоғары балл – 137.


Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» 17,38% және «Биология-Химия» комбинациясын 15,91%-дан тапсырды. Сондай-ақ топ-3 қатарына талапкерлердің 11,75%-ы таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 76 адам тапсырған.



Бүгінде 81 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ, – делінген хабарламада.



Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптада 148 талапкер қатысты.


Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минутта апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.


2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.