AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Талант табыстырған тағдырлар: Мұқағали жыры мен Нұ...

Талант табыстырған тағдырлар: Мұқағали жыры мен Нұрғиса сазының рухани үндестігі

Барлығы 06.02.2026, 15:16 699
Талант табыстырған тағдырлар: Мұқағали жыры мен Нұрғиса сазының рухани үндестігі
сурет: автордан

Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейінде қазақ руханияты үшін айрықша мәні бар әдеби-сазды кеш өтті. «Талант табыстырған тағдырлар» деп аталған бұл тағылымды шарада қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың жыр әлемі мен ұлт музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің сазды мұрасы бір арнада тоғысты.

Кештің басты ерекшелігі – поэзия мен музыканың табиғи үйлесімін көрерменге терең сезіндіре білуінде болды. Сахна төрінде Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі өнер көрсетіп, қазақтың төл әуезін асқақтата орындады. Оркестрдің қоңыр үні Мұқағали жырларының ішкі философиясын, жан тербетер сырын айрықша ашып, көрерменді ерекше рухани күйге бөледі.

Әдеби-сазды кеш барысында белгілі өнер иелері – Сауле Жанпейісова, Еркін Құдайберген және Мейірбек Әзімбаев ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, Мұқағали поэзиясын жаңа қырынан танытты. Ән мен жырдың тоғысуы, жүректен шыққан сөз бен шынайы әуен көрерменге терең әсер қалдырып, кешке қатысқан қауымды бір сәтке уақыт пен кеңістіктен тыс рухани әлемге жетеледі.

Кеш мазмұнын байыта түскен тағы бір маңызды сәт – Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназия оқушыларының өнері болды. Жас өрендер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияға деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті айқын көрсетті. Олардың таза да әсерлі оқуы ақын жырларының мәңгілік екенін, жас ұрпақтың жүрегінен де орын алатынын аңғартты.

«Талант табыстырған тағдырлар» атты бұл әдеби-сазды кеш – тек бір кештік мәдени шара емес, қазақ әдебиеті мен музыкасының өзара байланысын, рухани сабақтастығын танытқан тағылымды кездесу болды. Мұқағали Мақатаевтың жүректен шыққан жырлары мен Нұрғиса Тілендиевтің ғажайып саздары арқылы ұлттық өнердің құдіреті тағы бір мәрте айқындалып, көрерменнің көңілінде ұзақ сақталатын рухани әсер қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұқағали Мақатаев #Нұрғиса Тілендиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);