конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйе...

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Мәдени Алматы Бүгін 20:59 46
Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жанкүйерлер арнайы плакаттар дайындап, концертке тыңғылықты әзірленіп келген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Канье Уэсттің көптен күткен концерті 15 тамызға ауыстырылды. Концерттің күні өзгергеніне қарамастан, әлемдік жұлдыздың жанкүйерлері Орталық стадионға жиналып жатыр.

Кеше концертті күткен көрермендер бүгін де үмітін үзбей, сүйікті әртісінің өнерін тамашалауға дайын. Жанкүйерлер арнайы плакаттар дайындап, концертке тыңғылықты әзірленіп келген.

Ресейден келген қонақтардың бірі қауіпсіздік басты орында екенін айтты.

«Канье Уэст перфекционист секілді. Бәрінің 100 пайыз күшті өткенін қалайды. Бұл да дұрыс», – дейді ол.

Ал Жансая есімді жанкүйер Дубайда тұрады екен. Ол Алматыда екі апта болып, бүгін таңертең ұшып кетуі керек болған. Алайда концерттің кейінге шегерілуіне байланысты ұшақ билетін ауыстырып, қалада тағы бір күн қалуға тура келген.

«Бүгін таңертең ұшуым керек еді. Бірақ концертті өткізіп алмау үшін билетімді ауыстырдым. Енді тағы бір күн Алматыда боламын», – дейді Жансая.

Концертке келген көрермендерге жағдай жасау үшін еріктілер де жұмыс істеп жатыр. Олар стадион маңында келушілерге бағыт-бағдар көрсетіп, кезекті оңтайландырып жатыр.

«Шаршаған жоқпыз. Концерттің жақсы өтуі және барлығына ыңғайлы болуы үшін барымызды салып жатырмыз», – дейді еріктілер.

Ал концертке келген кейбір жанкүйерлер Алматыдағы жол қозғалысының ұйымдастырылуына да оң бағасын берді. Олардың айтуынша, қалада кептеліс байқалмай, Орталық стадионға тез әрі кедергісіз жеткен.

«Кептеліс болған жоқ. Стадионға тез жеттік. Қалада жол қозғалысы жақсы ұйымдастырылған екен», – дейді кеш қонақтарының бірі.

Концерттің ауысқанына қарамастан, жанкүйерлердің көңіл күйі жақсы. Көпшілік үшін бастысы – көптен күткен жұлдыздың сахнаға шығуын көру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);