ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына - 90...

Сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына - 90 жыл

Тұлға 20.03.2025, 09:40 632
Сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына - 90 жыл
ҚР Ұлттық кітапханасы
Бүгін Қазақстан Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Бүгін Қазақстан Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында туған. 2011 жылы 10 қазанда дүниеден озды.

Ол жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастады. 1959-1970 жылдар аралығында «Пионер» журналында қызмет атқарды. 1970-1973 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын» журналының бас редакторы болып қызмет істеді.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Т. Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. «Кәмила» (1960), «Көктем таңы» (1961) , «Алатау қызы» (1963), «Ферюза туралы жыр» (1964), «Зулайды күндер» (1965), «Жүрегім менің сапарда» (1966), т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген «Жаңа дәптер» атты кітабы үшін 1968 жылы Қазақстан Комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. «Ескерткіш» (1969), «Шақырады жаз мені» (1970), «Жүрек ояу қашанда» (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның «Қош, көктем» атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), «Хаттар» атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде «Я - сын Семиречья» (1962), «Первая встреча» (1968), «Новая тетрадь» (1969) атты өлең жинақтары шыққан.

Тұманбай Молдағалиевтың жалпы 500 өлеңіне әндер жазылған. Оның «Құстар қайтып барады» (музыкасы Н. Тілендиевтікі), «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» (музыкасы Ш.Қалдаяқовтікі), «Ертіс вальсі» (музыкасы Б. Жамақаевтікі), «Шақырады көктем» (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол Байрон, М. Лермонтов, Т. Шевченко, О.Туманян, С.Капутикян, Ғ. Ғұлам, Р. Ғамзатов және басқа да ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.