AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Заң мен тəртіп 17.09.2026, 15:10 253
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіретін қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Болашақ – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жобасы аясында «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, осы бағытта ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Жобаның негізгі бағыттары – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ адалдық пен парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Жоба аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында арнайы ақпараттық постерлер әзірленді. Ақпараттың халыққа түсінікті әрі қолжетімді болуы мақсатында материалдар қазақ және орыс тілдерінде, төрт түрлі дизайн нұсқасында дайындалды.

Постерлерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, заң талаптарын сақтауға, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды ақпарат қамтылған.

Дайындалған ақпараттық материалдар Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелерге таратылып, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге қолжетімді орындарға орналастырылды. Түрлі дизайнда әзірленген постерлер арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу, заңды құрметтеу және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну қажеттігі кеңінен насихатталуда.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Себебі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстану арқылы ғана қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтан ада ортаны қалыптастыруға болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деген ұстаным әрбір азаматтың санасында берік орнығуы тиіс. Осы бағыттағы профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева М.С.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);