AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Суретші картиналарында туған үйдің жылуы бар

Суретші картиналарында туған үйдің жылуы бар

Мәдени Алматы 01.04.2025, 11:40 884 Нұржамал Әлішева
Суретші картиналарында туған үйдің жылуы бар
Сурет: aqshamnews.kz

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші  Рафаэль Слекеновтің «TANIR NURY» деген тақырыппен көрмесі ашылды.

Оған өнер өкілінің 90-ға жуық кескіндемелік туындысы қойылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
– Рафаэль Слекеновтің картиналары балалық шақ туралы естеліктер мен адамзат пен нәзік табиғат, қоршаған әлем арасындағы үнсіз байланысты көрсете отырып сыр шертеді. Автордың туындыларындағы жан сарайының көрінісі бір өзгеше сұлу да сырлы, таңғажайып жұмбаққа толы «үй әлемін» құрайтындай. Автор үшін бұл жұмбақ мекен үйі – қорғаны, құтқарушы орны, өмірінің жылуы мен жайлылығының көрінісі секілді. Автор дәл осы үйде, қарапайым тұрмыста, адамдардың рухани еңбегі мен табиғаттың жасыл шұғыласында адам болмысының поэзиясын көреді, – дейді көрме жетекшісі Лаура Әбілдаева.

Рафаэльдің туындыларында көкшіл түс ерекше орын алады. Ол дәстүрлі түсінік бойынша – Тәңірдің көк аспанмен байланысуы, түркі  халықтарының нанымында маңызды және құрметті болып саналады.  Сондықтан да  көрме  «TANIR NURY» деп аталған.

Рафаэль Слекенов Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі. «Тарлан» сыйлығының иегері. 2000 жылы «Жігер» халықаралық фестивалінің ІІІ орын,  2001 жылы 4-ші Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің І орын иегері. 2008 жылы Польша Мәдениет министрлігінің шәкіртақысына ие болған. 2010 жылдан бастап Стокгольмдегі «Mirra Art Group» суретшілер халықаралық қауымдастығының мүшесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cуретші #картиналар #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);